Accessibility links

Нуланд Кишиневке сапармен барады


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд бүгін Молдоваға барады. Ол Молдова президенті Николае Тимофти және премьер-министр Юрие Лянкэмен келіссөздер өткізбек.

Бұған дейін НАТО басшылығы Ресей Қырымды өзіне қосып алғаннан кейін Молдовадағы ахуалдың өрбуіне алаңдаушылық білдірген еді. Еуропадағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы генерал Филип Бридлав Украинамен шекарада шоғырланып жатқан Ресей әскері Приднестровье аймағына қауіп төндіреді деп мәлімдеген.

1992 жылы Молдова мен өзін өзі тәуелсіз ел деп жариялаған Приднестровье аймағы арасындағы тіресудің соңы қарулы жанжалға ұласып, Ресейдің араласуымен доғарылған еді. Тұрғын халқының басым бөлігі орыс тілінде сөйлейтін Приднестровье аймағында содан бері Ресей 1400-дей әскерін ұстап отыр.
XS
SM
MD
LG