Accessibility links

Египетте президент сайлауы 26-27 мамырда өтпек


Египеттің бұрынғы қорғаныс министрі және армия қолбасшысы Абдел-Фаттах әл-Сиси.
Египеттің бұрынғы қорғаныс министрі және армия қолбасшысы Абдел-Фаттах әл-Сиси.
Египет сайлау комиссиясы елде президент сайлауын 26-27 мамырға белгіледі. Бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді биліктен кетіруде маңызды рөл атқарған бұрынғы қорғаныс министрі әрі армия қолбасшысы Абдул-Фаттах әл-Сиси президенттікке басты кандидат саналады.

Президенттікке үміткерлер арасында 2012 жылы президент сайлауында Мурсиден жеңіліп, үшінші орын алған солшыл саясаткер Хамдин Саббахи да бар.

Египетте 2012 жылы демократиялық жолмен сайланған президент Мұхаммед Мурси былтыр жазда жаппай халық толқулары кезінде биліктен қуылған еді. Содан бері қамауда отырған оған бірнеше айып тағылған, оның ішінде "шетелдік топтармен астыртын сөз байласты" деген айып та бар. Қазір оның үстінен қозғалған іс бойынша сот жүріп жатыр.

Мурси биліктен кеткелі бері елде қақтығыстар мен түрлі шабуылдардан кемінде 1400 адам қаза тапқан. Олардың көпшілігі - жаңа билік қызметіне тыйым салған, Мурсиді қолдайтын "Мұсылман бауырлар" қозғалысының мүшелері.
XS
SM
MD
LG