Accessibility links

БҰҰ: Климаттың өзгеруі жаңа қауіп-қатерлер тудырады


Антарктидағы еріген мұз. (Көрнекі сурет).
Антарктидағы еріген мұз. (Көрнекі сурет).
БҰҰ сарапшылары ғаламдық жылыну процесі адамзатты жаңа қауіп-қатерлерге ұрындырады деп ескертт.

Ұйымның жаңа баяндамасына қарағанда, әлемдік климаттағы радикалды өзгерістер енді ғана басталған. Климаттың өзгеруі адамзаттың бұрыннан бар кедейшілік, ауру, зорлық-зомбылық пен босқындардың ағылуы сияқты проблемаларын одан ары асқындыра түседі.

БҰҰ климаттың күрт өзгеруі экономикалық өсім мен ауыл шаруашылығының өнімділігін төмендетіп, өсімдіктер мен жануарларға, топырақ пен мұхит суларының қышқылдануына әсер етеді дейді.

БҰҰ баяндамасын Жапонияның Йокогама қаласында ғаламдық климаттың өзгеруіне қатысты бір аптаға созылған жиыннан кейін жариялады.
XS
SM
MD
LG