Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушаррафқа бүгін "мемлекетке опасыздық жасады" деген ресми айып тағылды. Мушарраф өзіне тағылған бес айыптың бір де біреуін мойындамай отыр.
Исламабадтың арнайы соты Мушарраф егер осы айыптар бойынша сотқа келмейтін болса, оны тұтқындау туралы ордер берді.
Первез Мушаррафқа 2007 жылы тәртіпсіздіктер кезінде елде төтенше жағдай енгізіп, конституцияның күшін тоқтатып тастады деген айып тағылып отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол өлім жазасына кесілуі мүмкін.
Первез Мушарраф бұдан өзге 1999-2008 жылдары билікте болған кезінде жасалған бірнеше қылмыстық іске де қатысты тергеліп жатыр.
Мушарраф өзіне тағылған айыптардан бас тартып, қылмыстық істер "саяси астармен қозғалған" деп санайды.