Accessibility links

ЕО Украина туралы халықаралық жиын өткізуге шақырды


Германия, Франция және Польша Украинаға қатысты халықаралық конференция өткізуге шақырды.

Үш елдің сыртқы істер министрлері мұндай конференция Украина 25 мамырда президент сайлауын өткізгеннен кейін өткізілуі қажет және оған Ресей де қатысуы тиіс дейді.

Мәскеу мен Батыс елдерінің арасы өткен айда Ресей Қырымды аннексиялап алған соң нашарлап кеткен.

Германияда 31 наурызда кездескен үш елдің министрлері конференция "Украинаны қолдау белгісін білдіреді және осы елде қажетті реформалар жүргізу жайын талқылауға мүмкіндік жасайды" дейді.

Үш ел бұған қоса Украина, Молдова және Грузияның ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қоюының салдары туралы ЕО - Ресей келіссөздерін жүргізуді ұсынды.
XS
SM
MD
LG