Accessibility links

"Қазатомпром" басшыларының бірі қамалды


Қаржы полициясы бүгін "Қазатомпром" ұлттық компаниясының атқарушы директоры Валерий Шевелев пен "Қазатомпром-Демеу" компаниясы директорының орынбасары С.Әбдіразақовты қаржы жымқыруға қатысы бар деген күдікпен тұтқындалды деп хабарлады. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынған.

Бұған дейін қаржы полициясы "Қазатомпром" компаниясының қаржысын жымқыруға қатысы бар деген күдікпен "Сырдария-жоба Құрылыс" фирмасының директоры Р.Әлібековті қамауға алған еді. Оған құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін өзінің фирмасына "Қазатомпромнан" бөлінген 1,3 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылған.

Қаржы полициясының дерегінше, Шевелев пен Әбдіразақов аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған.

Қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қаржы полициясы тергеу мақсатына байланысты өзге ақпараттарды жарияламаған.
XS
SM
MD
LG