Accessibility links

"Қазақстан ғарыш сапары" экс-басшысы сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты бүгін "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Ғабдұллатиф Мырзақұловты "аса ірі көлемде пара алды" деген айып бойынша 12 жылға соттады.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, қылмыстық істі қараған судья Асхат Әшірбеков Мырзақұловтың дүние-мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге және жеті жылға дейін мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айыруға үкім шығарған.

Мырзақұлов 2013 жылы тамыз айында "ғарыш аппараттарын құрайтын және сынақтан өтетін кешен құрылысына конкурс жүргізген кезде осы компанияның атқарушы төрағасынан 272 мың АҚШ доллары және 75 миллион теңгеден астам пара алған" деген күдікпен қамалған еді.

Мырзақұловқа бұдан өзге 90 миллион теңге пара алып, оның бір бөлігін жылжымайтын мүлік түрінде заңдастырды деген де айып тағылған.

"Қазақстан ғарыш сапары" компаниясының бұрынғы басшысы сотта өзіне тағылған айыптардың ешбірін мойындамаған.
XS
SM
MD
LG