Accessibility links

Медведев Мәсімовті құттықтады


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов (оң жақта) Ресей үкіметінің жетекшісі Дмитрий Медведевпен (сол жақта) Астанада. 29 мамыр 2012 жылғы сурет.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов (оң жақта) Ресей үкіметінің жетекшісі Дмитрий Медведевпен (сол жақта) Астанада. 29 мамыр 2012 жылғы сурет.
Ресей үкіметінің жетекшісі Дмитрий Медведев Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалған Кәрім Мәсімовті телефон арқылы құттықтады. Бұл туралы ақпарат бейсенбіде Ресей үкіметінің сайтында жарияланды.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресей байланыстары дамуының қазіргі деңгейіне Медведевтің жоғары баға бергені айтылған.

«Дмитрий Медведев пен Кәрім Мәсімов екі жақтың мүдделі мәселелерін талқылау үшін үкіметтік деңгейде тұрақты байланысты жалғастыруға уағдаласты» делінген ақпаратта.

Сәрсенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен Кәрім Мәсімовті премьер-министр етіп тағайындады. Бұған дейін де осы қызметті атқарған Мәсімов президент аппаратының жетекшісі болып бір жарым жыл істегеннен соң үкімет басына қайта оралып отыр.
XS
SM
MD
LG