Accessibility links

Ауғанстанда шетелдік журналист қаза болды


Ішкі істер министрлігі маңында көшені бақылап тұрған полиция киіміндегі қарулы адам. Кабул, 2 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ішкі істер министрлігі маңында көшені бақылап тұрған полиция киіміндегі қарулы адам. Кабул, 2 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Ауғанстанның шығысында полиция киіміндегі белгісіз адам германиялық журналист әйел Аня Ниедрингхаусты атып өлтірген. Тағы бір әйел – канадалық журналист Кэти Ганнонға оқ тиіп, ауыр жараланған.

Пәкістанмен шекара маңындағы Хост қаласында шабуылға ұшыраған бұл екі журналист Associated Press ақпарат агенттігінде жұмыс істейтін. 2005 жылы Ирактағы соғыс тақырыбына түсірген суреттері үшін Пулитцер сыйлығын жеңіп алған 11 фотожурналистің арасында жалғыз әйел – Аня Ниендрингхаус та болған еді.

Ауғанстанда 5 сәуірде өткелі отырған президент сайлауы қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бұған дейін Талибан тобы осы саяси шараны өткізбеуге күш салатындарын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG