Қырғызстанда бұрынғы президент Құрманбек Бакиев пен оның отбасы мүшелеріне сырттай сот шешімі шықты.
Бішкектің Бірінші май соты бұрынғы президент Бакиев пен оның отбасы мүшелерін "шетелдік бизнесменді өлтіруге сөз байласқандары үшін" ұзақ мерзімге сырттай соттады.
Жұма күні Бішкекте өткен сотта бұрынғы президентті 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімет шығып, оның бауыры Жанаш Бакиев өмір бойға сотталды. Жанаш Бакиев кезінде мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы болған.
Сот Құрманбек Бакиевтің ұлы Маратты - 20 жылға, тағы бір ұлы Максимді өмір бойға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Олардың мүлкін де тәркілеу туралы айтылған. Бұл төрт адамға да "британдық кәсіпкер Шона Дэйлиді өлтіруге сөз байласты" деген айып тағылды. Шон Дэилиді Қырғызстанда алтын өндіріп жүрген жерінен атып кеткен еді. Жараланып, өлім аузынан қалған кәсіпкер Қырғызстаннан кетіп қалған.
Қырғызстанда 2005 жылы "қызғалдақ" төңкерісінің нәтижесінде билікке келген Құрманбек Бакиев 2010 жылы сәуірде президенттіктен қуылған еді. Оған "үкіметке қарсы демонстранттардың өліміне қатысы бар" деген айып тағылған. Бакиевтер қазір Минскіде бой тасалап жүр. Беларусь билігі Бішкектің талабы "саяси мақсатты көздейді" деп, оларды Қырғызстанға беруден бас тартқан.