Accessibility links

Меркель Ресейді тағы да ескертті


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель егер Мәскеу Украинадағы жағдайды ушықтыратын қадамдарды жалғастыратын болса, Ресейге қарсы санкциялар қатаятындығын тағы да ескертті. Сенбі күні Германия христиандық-демократиялық одағы съезінде сөйлеген Меркель украиналық дағдарысқа қатысты Еуропа Одағы елдері арасында пікір айырмашылығы барын мойындап, бірақ «бұл бөлінуге себеп бола алмайды» деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Украина территориясының тұтастығына бұдан соң да қол сұғылатын болса, Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды күшейтуге тура келетіндігіне ешкім шәк келтірмеуі тиіс.

Бұған дейін Германияның ірі бизнес өкілдері Батысты Ресейге қарсы «тайталастық саясат ұстанып отыр» деп сынаған. Мысалы, Ресей президенті Владимир Путинмен Мәскеуде кездескен «Симменс» компаниясының басшысы компания Ресейдегі жұмысына адал болып қала беретіні жайлы мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG