Accessibility links

Косовада халықаралық сот құрылады


Косовадағы 1990 жылдардың соңындағы соғыс құрбандарын қайта жерлеу рәсімі. 26 наурыз 2014 жыл.
Косовадағы 1990 жылдардың соңындағы соғыс құрбандарын қайта жерлеу рәсімі. 26 наурыз 2014 жыл.
Еуропа Одағы (ЕО) Сербиядағы соғыс кезінде этникалық албандардан тұратын қарулы топтар жасаған қылмыстарды тергеумен айналысатын халықаралық сотты Косовада құру жоспарын жария етті.

Бұл сот 1998-1999 жылдарғы жанжал кезінде жасалған әскери қылмыстарға албандықтардың қарулы топтарының қаншалықты қатысы болғанын тексеріп, тергеулер жүргізетіні туралы хабарланды.

AFP ақпарат агенттігі сілтеме жасаған Косовадағы ЕО кеңсесінің мәлімдемесінде шетін жағдайларда, соның ішінде кейбір куәгерлерден дерек алу кезінде тыңдаулар Косовадан тыс жерде жүргізілуі мүмкін екендігі айтылған. Халықаралық соттың қалай ұйымдастырылатыны әлі пысықталып жатыр.

Косовадағы соғыс НАТО әскери әуе күштері Косово жерінен серб жасағын ығыстырып шығарған соң аяқталған еді. 2008 жылы Косова басшылығы Сербиядан тәуелсіздігін жариялаған.
XS
SM
MD
LG