Accessibility links

Венгрияда парламент сайлауы өтіп жатыр


Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.
Бүгін Венгрияда сайлаушылар парламент депутаттарын сайлап жатыр. Қоғамдық пікірді зерттеудің соңғы деректерге сәйкес, елде премьер-министр Виктор Орбанның «ФИДЕС» партиясына қолдау білдіретіндер үлесі артық болады деген болжам бар.

Екінші орынға Социалистер партиясы маңына топтасқан солшыл центристер оппозициялық альянсы немесе әсіреоңшыл «Йоббик» («Озық Венгрия үшін») партиясы шығуы мүмкін.

Бұған дейін 2010 жылғы сайлауда Орбан мен оның жақтастары сайлаушылардың үштен екісінің қолдауына ие болған еді. Оппозиция қазіргі үкімет басшысын «азаматтық құқықтарды шектеп, сөз бостандығына қысым көрсетіп отыр» деп айыптайды. Орбан өз үкіметінің міндеті – экономиканы тұрақтандыру және коммунистік дәуірдің келеңсіз мұраларынан арылуға көмектесетін реформаларды аяқтау екенін айтады.
XS
SM
MD
LG