Accessibility links

Пан Ги Мун Ауғанстан халқын сайлаумен құттықтады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Ауғанстан сайлаушыларын 5 сәуірде өткен ел президенті сайлауына қатысуларымен құттықтады. Бұған байланысты таратқан арнайы мәлімдемесінде бас хатшы сайлауды "Ауғанстан үшін тарихи және елде билікті демократиялық жолмен өткізіп берудегі маңызды қадам" деп бағалаған.

Пан Ги Мун сайлаушылар "қорқытып-үркітулерге және қауіп-қатерге қарамастан дауыс беруге қатысып, зорлық-зомбылықты жасаушылардың жеңіске жете алмайтынын ескерткен белгі берді" деді.

Талибан сайлауды болдырмайтынын айтып, доқ көрсеткеніне қарамастан, 5 сәуірде өткен президент сайлауына дауыс беру құқығы бар 12 миллион сайлаушының 7 миллионға жуығы қатысқан.

Сайлаудың бірінші кезеңінің алдын-ала нәтижелері 24 сәуірде, ақтық қорытындысы 14 мамырда жарияланады. Егер сайлауға түскен сегіз кандидаттың ешқайсысы берілген дауыстың жартысынан көбін иелене алмаса, онда ең көп дауыс алған екі үміткер 28 мамырда өзара қайта сайлауға түседі.
XS
SM
MD
LG