Атырау облысының Жылыой аудандық соты Құлсары қаласында тұратын ерлі-зайыпты азаматтарды "балаларын экстремистік немесе террористік әрекеттерге тартты" деп айыптап, бас еркіндігінен айыруға үкім шығарды деп хабарлайды ақпарат құралдары.
Жылыой аудандық прокурорының көмекшісі Алтынгүл Исмағұлованың жергілікті "Ақ жайық" басылымына хабарлауынша, ерлі-зайыптылар қылмыстық кодекстің терроризмге қатысты бабымен айыпталған.
"Алты баласын террористік әрекеттерге тартпақ болды" деп айыпталған ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылған. Оның әйелі де сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылғанымен, жазасын өтеу балаларының үлкені кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі мерзімге шегерілген.
Сот дерегінше, тергеу барысында ерл-зайыптылардың туыстарынан жиһад идеясын қабылдап, алты баласымен бірге Сирияға соғысқа кетпек болғаны анықталған. Бұл мақсатта ерлі-зайыптылар өздеріне және 4 пен 14 жас аралығындағы алты баласына шетелге шығу төлқұжатын жасатқаны анықталған.
Сотталғандардың отбасындағы төрт баланың мектепке бармағаны бұған дейін белгілі болған еді.
Сотталған ер адам үкімге қарсы апелляциялық шағым берген.