Accessibility links

Ресейге санкция Қазақстан мұнайына әсер етпек


"ҚазМұнайГаз" ұлтық компаниясы нысандарының бірі. (Көрнекі сурет)
"ҚазМұнайГаз" ұлтық компаниясы нысандарының бірі. (Көрнекі сурет)
Батыс елдері Ресейге Қырымды аннексиялап алғаны үшін санкциялар салған жағдайда Қазақстан өз мұнайын экспорттаудың балама жолдарын қарастырады деп мәлімдеді бүгін Қазақстан мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

Астанада депутаттар алдында сөйлеген Қарабалин Мәскеуге қарсы санкциялар Қазақстанның Ресей құбырлары арқылы басқа елдерге экспорттайтын мұнай көлемін азайтуы мүмкін екенін айтты.

Министрдің сөзінше, Астана мұнайды Каспий теңізі, Әзербайжан-Грузия-Түркия бағыты арқылы тасымалдауды қарастыратынын айтты. Ол бұған қоса мұнай тасымалдауда Иранмен де серіктес болу мүмкіндігі қаралатынын жеткізді.

Ұзақбай Қарабалин Қазақстан жақын болашақта Қытайға, Өзбекстан мен Түркіменстанға мұнай экспортын арттыру жайын көздеп отырғанын да айтты.
XS
SM
MD
LG