Чехия президенті Милош Земан "Мәскеу Украинаның шығыс бөлігін басып алуға ұмтылса, онда Ресейге қарсы қатаң шара қолдану қажет" екенін айтты.
Ол Чехияның ұлттық радиосына берген сұхбатында "Ресей территориясын Украинаның шығыс бөлігі арқылы кеңейткісі келсе, онда әңгіме басқаша болады. Ондай жағдайда мен Еуропа Одағының бұл елге қатаң санкциялар салуын ғана емес, НАТО-ың Украинаға әскер кіргізуін де қолдаймын" деді.
Милош Земан қандай да бір ауызша келісім жасалса да, Қырымның таяу болашақта Украинаға қайтарылмайтынын да айтты. "Батыс елдері, оның ішінде Еуропа Одағы да мұны мойындауы тиіс" деді Чехия президенті.
Ресей Украинадан Қырым аймағын наурыз айында, аймақ мәртебесін дауысқа салған референдумнан кейін құрамына қосып алған.