Accessibility links

Ресей Молдовадан шошқа етін импорттауға тыйым салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ресей 8 сәуірден бастап Молдовада өндірілген шошқа еті өнімдерін импорттауға тыйым салды. Ресейдің "Россельхознадзор" ауыл шаруашылық мекемесінің өкілі тыйым Молдова Ресейге "түбі қайдан шыққаны шынайы көрсетілмеген" шошқа еті өнімін экспорттағаннан кейін салынғанын айтады.

"Россельхознадзор" өкілі шошқа етінен жасалған өнімдердің "Германияда жасалған" деп жалған сипатталғаны анықталғанын және бельгиялық компания дайындаған басқа да шошқа еті өнімдерінің Кеден Одағы елдеріне де рұқсатсыз экспортталып келгені белгілі болғанын" айтады.

Ресей 7 сәуірде Польша мен Литвада дайындалған шошқа еті өнімдерін де "құрамынан африкалық шошқа обасының белгілері табылды" деп импорттауға тыйым салған.
XS
SM
MD
LG