Accessibility links

НАТО: Ресей тарихи қателік жасамасын


НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен. Брюссель, 2 сәуір 2014 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен. Брюссель, 2 сәуір 2014 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс фог Расмуссен 8 сәуірде Ресейге Украинаның шығысындағы облыстарға басып кіру әрекеті Мәскеу үшін "тарихи қателік" болады деп ескертіп, Украинамен шекарадағы әскерін әкетуді талап етті.

Парижде сөйлеген Расмуссен Ресейдің Украина ішкі ісіне бұдан ары да араласуы Мәскеу мен НАТО-ның қарым-қатынастарына "ауыр зардап келтіретінін" және Ресейдің халықаралық қауымдастықтан оқшаулана түсуіне әкеп соқтыратынын айтты.

Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың "Ресей Украинаның шығысындағы тұрақсыздықты ұйымдастырып отыр" деген айыптауын жоққа шығарды. Ол Мәскеудің Украина, Ресей, АҚШ және Еуропа Одағының қатысуымен өтетін келіссөзге қатысуға дайын екенін білдірді.

Лавров кез-келген келіссөздерге Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі этникалық орыстардың өкілдері де қатысуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, "Украинадағы жағдай тек ондағы орыс тілді азаматтарының мүдделері ескерілген кезде ғана жақсарады".

Украина қауіпсіздік күштері бүгін елдің шығысындағы Харьков, Луганск және Донецк қалаларында ресейшіл наразы топтар басып алған үкімет ғимараттарын босату операцияларын жүргізіп жатыр.

Ресей Қырымды аннексиялап алған соң НАТО Мәскеумен әскери ынтымақтастықты тоқтатып, Украинамен шектес НАТО мүшелері елдерімен әскери байланысын нығайта бастады.
XS
SM
MD
LG