Accessibility links

Иран алты елмен ядролық келіссөз өткізіп жатыр


Иран мен "алтылық елдері" өкілдерінің келіссөздері. Вена, 8 сәуір 2014 жыл.
Иран мен "алтылық елдері" өкілдерінің келіссөздері. Вена, 8 сәуір 2014 жыл.
Иран мен алты держава өкілдері Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты Венада кезекті келіссөз өткізіп жатыр.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф "Келіссөзге қатысушылар мамырдың ортасына қарай түпкілікті мәмілеге келуді жоспарлап отыр. Венадағы кездесуде осы бағытта біраз жетістікке жетуге болады" деген үмітін білдірді. Келіссөздер бүгін аяқталуы тиіс.

Иран мен алты держава - АҚШ, Франция, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Германия өткен жылдың қараша айында алты айға уақытша келісім жасасқан еді. Ол бойынша, Тегеран уран байытуды уақытша тоқтата тұруға, ал Батыс елдері Иранға салынған санкцияларын жұмсартуға уағдаласқан.
XS
SM
MD
LG