Accessibility links

Ресей Иран мұнайы жайлы АҚШ-тың ұсынысынан бас тартты


Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.
Ресей АҚШ-тың Иранмен мұнайды тауарға айырбастау туралы келісім жасаспау жөніндегі ұсынысын қабылдамай тастады.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың айтуынша, Ресей мен Иранның сауда қарым-қатынасы "табиғи процесс және ол ешкімге саяси және экономикалық қауіп-қатер төндірмейді".

"Коммерсант" басылымының хабарлауына қарағанда, Ресей Ираннан күніне 500 мың баррель мұнай сатып алуды көздеп отыр. Сарапшылардың бағалауынша, егер келісім іске асса, Иранның мұнай экспортының көлемі Тегеран мен "алтылық елдерінің" өткен жылы Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасасқан уақытша келісімінде белгіленген мөлшерден асып кетуі мүмкін.

7 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри егер Мәскеу мен Тегеран мұнай саудасы туралы келіссөздер жүргізуді жалғастыра берсе, Вашингтон санкциялар салуы мүмкін екенін ескерткен.
XS
SM
MD
LG