Accessibility links

Құқық қорғау күштерінің жаттығуы өтіп жатыр


Полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс кезіндегі арнайы полиция жасағы. Алматы, 30 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс кезіндегі арнайы полиция жасағы. Алматы, 30 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстанда құқық қорғау орындары мен бірнеше саланың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дайындығын тексеретін оқу-жаттығу жүріп жатыр деп хабарлады бүгін ҚазАқпарат агенттігі.

Оқу-жаттығуға ішкі істер органдары мен ішкі істер министрлігі ішкі әскерінің бөлімшелері, төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі мен басқа да бөлімдері, транспорттық және басқа да ұйымдар қатысып жатыр.

"Дағдарысты жағдайларда" құқық қорғау күштерінің қызметін, өзара әрекеттестігін тексеруді және техникалық жағдайын бағамдауды мақсат еткен бұл жаттығу қауіпсіздік кеңесінің нұсқауымен өтіп жатыр.

Жаттығуға Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров басшылық жасап, оның барысын премьер-министр Кәрім Мәсімов қадағалайды деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG