Accessibility links

"Барахолкадағы" өртке қатысты сот үкімі шықты


"Барахолкадағы" өртке қатысты соттан көрініс. Алматы, 10 сәуір 2014 жыл.
"Барахолкадағы" өртке қатысты соттан көрініс. Алматы, 10 сәуір 2014 жыл.
Бүгін Алматы қаласының Жетісу аудандық 2-сотында "Барахолкадағы" "Олжа" базарында 2013 жылы күзде болған өртке қатысты сот үкімі шықты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, судья Гүлнәра Мүсірепова "Олжа" базарын жалға алушы Жанат Қайрановты "отпен абайсыз жұмыс iстеу салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бөтен адамның мүлкін жою немесе бүлдіру" бабы бойынша айыпты деп тауып, үш жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарған.

Ал "Олжа" базарының директоры Мұсағали Алдабергеновке "өрт қауіпсіздігі ережесін бұзды" деген айыппен төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Судья бұған қоса контейнерлері өртенген саудагерлердің өрттен келген шығындарын өтеу туралы талап-арызын азаматтық тәртіп бойынша қарауға қалдырды.

2013 жылдың қыркүйегінде «Барахолканың» «Олжа» базарынан басталған өрт жапсарлас «Аян», «Керемет» және «Аягөз» базарларын шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, сол күні 5400 шаршы метр аймақ отқа оранып, жарты күнде әзер сөндірілген.
XS
SM
MD
LG