Ресейдің Дағыстан республикасында ауыл мешітінің имамы Магомед Закарьяевті белгісіз біреулер атып кетті.
Дағыстан полициясының хабарлауынша, беттерін тұмшалаған екі адам 11 сәуірге қараған түні Кизил-Юрт ауданы Нечаевка ауылында Магомед Закарьяевтің үйіне басып кіріп, атып кеткен. Имам оқиға орнында қаза тапқан.
Қазір қылмыстық оқиға тексеріліп жатыр. Тергеушілер бұл қастандыққа осы имамның уаххабизмге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені себеп болуы мүмкін дейді.
Дағыстанда исламшыл бүлікшілер полицияға, жергілікті билік өкілдері мен исламның дәстүрлі саналатын бағытын ұстанатын дін өкілдеріне жиі шабуыл жасайды.