Accessibility links

Штыгашев қазақ жері жайлы сөзі үшін кешірім сұрады


Қазақстан мен Ресей шекарасындағы сым тартылған баған. 5 маусым 2009 жыл.
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы сым тартылған баған. 5 маусым 2009 жыл.
Ресей құрамындағы Хакасия республикасы жоғары кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашев Қазақстанның жеріне қатысты айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.

12 сәуірде Штыгашев өзінің «дұрыс жеткізілмеген» сөзі намысына тиген барша жұрттан «кешірім сұрайтынын» айтқан.

Бұған дейін ресейлік ақпарат құралдары Владимир Штыгашевтің Қазақстанның кейбір облыстары бұрын Ресейдің құрамдас бөлігі болғаны, Ресей Қазақстанға «бес облысын бере салғаны» және теориялық тұрғыдан олар референдум арқылы Ресей құрамына қайтарылуы мүмкін екені жайлы айтқан сөзін хабарлаған еді.

11 сәуірде Қазақстан сыртқы істер министрлігі Астанадағы Ресей елшісін Штыгашевтің мәлімдемесіне байланысты түсінік беруге шақыртқан еді. Ресей сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде ресейлік кейбір аймақтардың билік басшыларының Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарының тарихи аспектілеріне қатысты мәлімдемелері «жауапсыздық» болып табылатыны айтылған.
XS
SM
MD
LG