Accessibility links

Тимошенко Ресей арнайы қызметін айыптады


Украина президенттігіне кандидат, «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко.
Украина президенттігіне кандидат, «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко.
Украинаның «Батькивщина» партиясының жетекшісі және мамыр айында өтетін президенттік сайлауға осы партиядан кандидат Юлия Тимошенко АҚШ, Еуропа одағы, Ресей және Украинаның қатысуымен Женевада 17 сәуірге белгіленген кездесу алдында Украинаның шығысындағы ахуалды Ресей арнайы қызметі әдейі шиеленістіріп отыр деп санайды. Бұл туралы партия таратқан мәлімдемеде айтылған.

«Сепаратистік қозғалыс дейтұғын ұйым жоқ, сепаратизмді қоздырып отырған Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) топтары бар, қару және Ресей арнайы қызметінің куәлігін қосарлай ұстаған олар бүгінде әлемге Украинаны бөлшектеніп жатқан ел ретінде көрсеткісі келеді» дейді Тимошенко.

Тимошенконың болжамы бойынша, Ресей Украинаның шығысындағы соңғы оқиғаларды желеу етіп Женевадағы кездесуде Киевтен Ресейдің құрамындағы Қырым автономиясын тануды және мемлекет құрылымы федерализмге негізделген жаңа конституция қабылдауды талап етуі ықтимал.
XS
SM
MD
LG