Нигерия құқық қорғау орындарының хабарлауынша, 14 сәуір күні ел астанасы Абуджа қаласының маңында автобус вокзалында болған жарылыстан 71 адам қаза тауып, 124 адам жараланған.
Вокзалдағы жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ "Нигерияның солтүстік және орталық бөліктерінде болған бірнеше жарылысқа қатысы бар "Боко харам" исламшыл тобының әрекеті" деген күдіктер айтылды.
2011 жылы исламшыл содырлар БҰҰ-ның Абуджа қаласындағы өкілдігіне кіріп бара жатқан көлікті жарып жіберген еді. Ол шабуылдан 20-дан астам адам қаза тапқан.