Accessibility links

Обама мен Путин Украина дағдарысын талқылады


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.
АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинмен 14 сәуір күні телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинадағы сепаратистік күштерге қолдау көрсетуіне алаңдаушылық білдірді.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама "Мәскеу егер Украинаға қатысты арандатушылық әрекеттерін жалғастыра берсе, қосымша шығынға ұшырайтынын" айтқан.

АҚШ президенті бұған қоса Украина билігі дағдарыс жағдайында "кәдімгідей ұстамдылық танытқанын" айтып, Путинді шиеленісті бәсеңсіту үшін Украинамен шекарадағы Ресей әскерін әкетуге шақырған.

Бұған дейінгі екі президенттің телефон әңгімесі туралы хабарламасында Кремль "Путин Украинаның шығысындағы тәртіпсіздіктерге Ресейдің ешқандай қатысы жоғын" айтты деп мәлімдеген.

Киев пен Батыс елдері Украинадағы сепаратистердің әрекетін Мәскеу ұйымдастырып отыр және үкімет үйлерін басып алғандардың арасында ресейлік әскерилер де болуы мүмкін деп күдіктенеді.
XS
SM
MD
LG