Accessibility links

HRW Қазақстанда күшіне енген ережені сынады


Баспасөз жиынында отырған журналистер. Алматы. (Көрнекі сурет)
Баспасөз жиынында отырған журналистер. Алматы. (Көрнекі сурет)
Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін төтенше жағдай кезінде БАҚ-тың ақпарат таратуына қатысты жаңа ережелерді жоюға шақырды.

Жаңа ереже бойынша, БАҚ иелері төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап бір тәулік ішінде басылымдар мен радио және телехабарлардың мазмұнын жергілікті комендатурамен келісуге міндетті.

HRW ұйымының бағалауынша, бұл ережелер сөз бостандығын тұншықтыратын шамадан артық шектеу.

«Барлық теле-радиоматериалдарды алдын-ала көрсетуді талап ету – бұл ашықтан-ашық мемлекеттік цензура. Мұндай шамадан тыс сақтық шаралары кез-келген ақылға сыйымды және үйлесімді шектеулерден әлдеқайда алшағырақ және Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін бұзады» деген HRW Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша директоры Хью Уильямсон.

Ол «Төтенше жағдайлар туралы» заңға өзгеріс енгізіп, жаңа ережені алып тастау әлі де кеш емес екенін атап өткен.

Қазақстан үкіметінің төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану ережелерін бекіткені туралы хабар сәуірдің 2-сі күні тарады.

Егер жазба басылымдары, радио және телехабарлар келісілмей шығарылса, жергілікті комендант БАҚ иесіне ақпарат құралының қызметін не оның өнімдерін таратуды уақытша тоқтату немесе мүлде тоқтату туралы бұйрық жолдауға құқығы бар.

Төтенше жағдайлар кезіндегі қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану ережелері сәуірдің 12-сінде күшіне енген.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG