Немістің Bild басылымы Ресейдің Украинадағы әрекетіне наразылық ретінде Берлиндегі екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориалға қойылған ресейлік екі танкіні алып тастау туралы петицияға қол жинауды бастады.
Газет оқырмандарды үндеуге қол қойып, оны парламентінің төменгі палатасы - Бундестагқа жіберуге шақырады.
Петицияда "Ресей танктері еркін, демократиялық Еуропаға қауіп төндіріп тұрғанда біз орыс танктерінің Бранденбург қақпасында тұрғанын қаламаймыз" делінген.
Мемориал Берлиндегі совет жауынгерлеріне қойылған үш мемориалдың бірі. Ол Бундестагқа жақын тұста орналасқан, онда орыс жауынгерінің алып ескерткіші мен ресейлік екі Т-34 танкісі қойылған.
Мемориал 1945 жылы көктемде Берлин үшін шайқаста қаза тапқан совет армиясының 80 мың жауынгерінің құрметіне орнатылған.