Accessibility links

"АрселорМиттал Теміртау" кеншісі мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының шахтасында бір кенші өндірістік жарақат алып, қаза болды деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға 15 сәуірде Сарань қаласындағы Күзембаев атындағы шахтада болған.

1962 жылы туған кенші шахтадағы кені бар бөлігі мен оның төбе жабындысын бекітетін металдан жасалған құрылғыдан жараланып, оқиға орнында қайтыс болған.
XS
SM
MD
LG