Accessibility links

Тұрғындардан заңсыз қару-жарақ сатып алынады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстан ішкі істер министрлігі тұрғындардан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясын өткізбекші.

Алматы қалалық полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындар қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды 21 сәуірден бастап өткізе алады. Ол үшін тұрғындар қалалық, аудандық ішкі істер органдарына барып өзінің жеке бас мәліметтерін, қару түрін, маркасы мен калибрін, қару-жарақ нөмірін, оқ-дәрілерінің саны мен оларды қайдан алғанын көрсетіп, өтініш жазуы керек.

Мұндай акция Қазақстанда соңғы рет былтыр күзде жүргізілген. Оның нәтижесінде 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін Қазақстан тұрғындары 8470 атыс қаруын, 800 мыңға жуық оқ-дәрі, 50 жарылғыш құрылғы мен 76 килограмм жарылғыш зат тапсырғаны хабарланған.

Қазақстанда 2008 жылы тұрғындардан заңсыз сақтаудағы атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарын ерікті түрде сатып алу науқанын жүргізу туралы заң қабылданған.
XS
SM
MD
LG