Accessibility links

Астана билігі "мемлекет қажетіне" жер алуды түсіндірді


"Мемлекетке қажет" жер иелері Қазақстан бас прокуратурасы шарбағына өздерін шынжырмен байлап, наразылық акциясын өткізіп тұр. Астана, 15 сәуір 2014 жыл.
"Мемлекетке қажет" жер иелері Қазақстан бас прокуратурасы шарбағына өздерін шынжырмен байлап, наразылық акциясын өткізіп тұр. Астана, 15 сәуір 2014 жыл.
Бүгін Астана қалалық әкімдігінде қала маңындағы түрлі мақсаттағы жер телімдерінің "мемлекет қажетіне" алу ережелері мен тәртібі жайлы түсініктеме берілді.

Қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта "мемлекет қажетіне" алынатын жер телімдерінің басым бөлігін бақшалық жер телімдері құрайтыны жазылған.

"Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры Мирас Шекенов "қазіргі уақытта бақшалық жер телімдерінде тұрып жатқан адамдарға байланысты проблема" барын айтты.

"Бұл шынында да әлеуметтік мәселеге айналды. Бірақ бәріміз де түсінуіміз керек. Ең әуелі біз тұрғын үйдің қандай екенін анықтаймыз. Бұл тұрғын үй ме? Көп жағдайда (99%) - бұл учаскелер бақ шаруашылығына арналған, бірақ адамдар оны тұрғын үй ретінде пайдалануға мәжбүр" деді ол.

Шекеновтың айтуынша, алынатын жер телімдерін бағалауды әкімдік емес, осы қызметпен айналысуға қажетті лицензиясы бар тәуелсіз бағалау компаниясы жүргізеді. Ол тұрғындардың жер телімдерінің қандай мақсатқа арналғанына сай өтемақы алатынын, заң бойынша бақшалық учаскелердегі үй тұрақты емес, уақытша тұрғын үй болып қана саналатынын айтады.

Астанада жер телімдерін "мемлекет қажетіне" деген уәжбен алып жатқан қала билігінің әрекетіне, жер телімдерінің өтемақысына көңілі толмайтын наразы тұрғындар көп. Олардың ішінде бұрынғы саяжайлар ғана емес, Астана қаласының ортасындағы бұзылуы тиіс ескі барактардың иелері де бар. Соңғы күндері олар Астанада бірнеше наразылық акциясын өткізді.
XS
SM
MD
LG