Accessibility links

Ресейде экономика өсімі баяулады


Ресейдің экономика министрі Алексей Улюкаев.
Ресейдің экономика министрі Алексей Улюкаев.
Ресей экономикасының 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы өсімі өткен жылдың соңғы үш айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда жарты пайызға төмендеген.

Мемлекеттік думада сөйлеген Ресейдің экономика министрі Алексей Улюкаев қаңтар айынан наурыз айына дейінгі кезеңде экономиканың номиналды өсімі былтырғы жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 0,8 пайыз болғаны байқалғанын айтты.

Осы аптада қаржы министрі Антон Силуанов үкімет отырысында Ресей экономикасы 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінен бергі "ең қиын кезеңде тұрғанын" мәлімдеген. Силуановтың сөзінше, 2014 жылы Ресейдің жалпы ішкі өнім көлемі шамамен 0,5 пайызды ғана құрауы немесе нөл пайызға дейін төмендеуі мүмкін.

Өткен айда Дүниежүзілік банк "Ресейдің Қырымды аннексиялап алуын халықаралық қауымдастықтың мойындамауы бұл елде экономикалық дағдарыс туындауына әкеп соқтыра алады" деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG