Accessibility links

Египетте Мурсидің 120 жақтасы сотталды


Экс-президент Мұхаммед Мурси жақтастарының полициямен қақтығысы. Каир, 27 шілде 2013 жыл.
Экс-президент Мұхаммед Мурси жақтастарының полициямен қақтығысы. Каир, 27 шілде 2013 жыл.
Египет соты тыйым салынған "Мұсылман бауырлар" қозғалысының 120 жақтасын бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді әскерилер биліктен тайдырған соң басталған "адам шығыны болған қақтығыстарға қатысы бар" деген айыппен әрқайсысын үш жыл мерзімге соттады.

Былтыр қазан айында Египетте болған наразылық шерулерінде Мурсидің "Мұсылман бауырлар" қозғалысын жақтайтындар қауіпсіздік күштерімен қақтығысып, 50-ге тарта адам қаза тапқан.

Наурыз айында Мурсидің 529 жақтасы өткен жылдың тамыз айында болған қақтығыстарға қатысы бар деген айыппен өлім жазасына кесілген еді.

Былтыр желтоқсанда Египеттің әскерилер қолдайтын билігі Мұхаммед Мурси тұсында елдегі басты саяси күш болған "Мұсылман бауырлар" қозғалысын "террористік ұйым" деп жариялап, оның қызметіне тыйым салған.

Өткен жылы шілдеде Египет әскерилері Мурсиді биліктен кетіргеннен кейін болған қақтығыстарда жүздеген адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG