Accessibility links

АҚШ Иранның БҰҰ-дағы елшісіне виза бермейтін болды


Хамид Абуталеби.
Хамид Абуталеби.
АҚШ президенті Барак Обама Иран БҰҰ-дағы елшісі етіп жібермекші болған Хамид Абуталебиге виза бермеу жөніндегі заңға қол қойды.

АҚШ "Абуталебидің 1979 жылы Тегерандағы АҚШ елшілігін басып алу оқиғасына қатысы бар" деп мәлімдеді. 1979 жылғы бұл оқиғадан соң АҚШ пен Иранның дипломатиялық қарым-қатынасы үзілген еді. Абуталеби оқиға кезінде Тегеранда болмағанын, кейіннен кепілге алынған адамдар мен оларды тұтқындағандар арасында аудармашы болғанын айтады.

Обама қол қойған заң бойынша, "АҚШ-қа қарсы тыңшылық немесе террорлық әрекеттерге қатысы бар кез келген адам ел аумағына кіре алмайды".
XS
SM
MD
LG