Accessibility links

Оңтүстік Кореяда батқан кеменің капитаны қамалды


Кеменің батқан жері. 16 сәуір 2014 жжыл.
Кеменің батқан жері. 16 сәуір 2014 жжыл.
Оңтүстік Кореяда осы аптада елдің оңтүстік-батыс жағалауында суға батқан жолаушылар кемесінің капитаны тұтқындалды.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Ли Чжон Сок "теңіз құқықтарын бұзды, қызметтік міндеттеріне салақ қарады" деген айыппен тұтқындалған.

Кеме батар алдында капитанның штурвалды тәжірибесіз көмекшісіне тапсырғаны анықталды. Экипаждың тағы екі мүшесін тұтқындауға ордер берілген.

Жолаушылар кемесінің суға батқаны туралы ақпарат 16 сәуір күні тараған елді. 19 сәуір күнгі соңғы ақпараттар бойынша, 28 адам қаза тапты деп жарияланған, 179 адам құтқарылған. 268 адам із-түссіз жоғалғандар санатына жатқызылған. Кеме бортында 475 адам болған. Олар Инчхон айлағынан Чеджу аралындағы курортқа бара жатқан. Көбі - мектеп оқушылары. Теңіздегі ауа-райы жоғалған адамдарды іздестіруге кедергі келтіріп жатыр.
XS
SM
MD
LG