Accessibility links

Украина шығысында атыстан төрт адам қаза тапты


Славянск қаласындағы ресейшіл сепаратистер. 18 сәуір 2014 жыл.
Славянск қаласындағы ресейшіл сепаратистер. 18 сәуір 2014 жыл.
Украинаның шығысында орналасқан Славянск қаласында болған атыстан кем дегенде төрт адам қаза тапты.

20 сәуір күні Ресей мемлекеттік телеарнасы Славянск маңындағы ресейшілдердің бақылау-өткізу пунктіне "қарулы адамдардың шабуыл жасағанын" хабарлады.

"Россия 24" телеарнасының тілшісі "екі ресейшіл сепаратист пен екі қарулы адамның қаза тапқанын" хабарлады.

Славянск - Донецк қаласының солтүстігіне қарай 100 километр жерде орналасқан елді мекен. Бұл қалада ресейшіл сепаратистер шоғырланған. Олар жергілікті полиция штабы мен мэрияны басып алған.

Сепаратистер көршілес жатқан Краматорск қаласында Украина әскерінің техникасын қолға түсірді. Ол әскери көліктер қазір Славянскіде тұр.
XS
SM
MD
LG