Ауғанстан сайлау комиссиясының соңғы мәліметтері бойынша, 5 сәуірде өткен президент сайлауында бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла алда келеді. Ол әзірге сайлауда берілген дауыстың 44,4 пайызын иеленген. Одан кейінгі орында 32,2 пайыз дауыс жинаған бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани тұр.
Сайлаудың түпкілікті нәтижесі 14 мамырда жарияланады. Алғашқы кезеңде жеңіске жету үшін үміткер берілген дауыстың кемінде 50 пайыздан астамын жинауы тиіс. Егер бір де бір үміткер бұл межеден өте алмаса, мамыр айының соңында өзгелерден ең көп дауыс жинаған екі үміткер екінші кезеңде қайта сайлауға түседі.
5 сәуірде өткен сайлауға Ауғанстанның дауыс беру құқығы бар азаматтарының 58 пайызы қатысқан.
"Талибан" сайлауда жарылыстар жасап, дауыс беруді болдырмай тастайтыны туралы қоқан-лоқы жасағанымен, ауқымды шабуыл жасап, сайлауға кедергі келтіре алған жоқ.
Бірақ билік сайлауда заң бұзушылықтар көп болғанын және оның деңгейі 2009 жылы өткен президент сайлауынан төмен болғанын айтады.