Accessibility links

Путин Қырымда құмар ойын аймағын құруды ұсынды


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин парламентке өткен айда Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегінде құмар ойын аймағын құру туралы заң жобасын ұсынды. Ұсыныстың мақсаты - құлдырап кеткен жергілікті экономиканы қалпына келтіру.

Заң жобасында ойын аймағының шекарасын Қырым Ресей республикасы анықтауы тиіс деп көрсетілген. Ресей парламентінің төменгі палатасы - мемлекеттік дума заң жобасын мақұлдайды деген болжам бар. Себебі, мұнда Кремльді жақтайтын депутаттар басым.

2009 жылы Путиннің қолдауымен халықтың құмар ойындарға деген қызығушылығы мен одан туындайтын әлеуметтік проблемалармен күресу үшін Ресейде ойын бизнесіне шектеу қойылған.

Осыған байланысты Ресейдің түрлі аймақтарында ресми түрде төрт ойын аймағы құрылған. Егер заң қабылданса, Қырым бесінші ойын аймағы атануы мүмкін.
XS
SM
MD
LG