Accessibility links

Қазақстанда мемлекеттік күзет қызметі құрылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) пен Республикалық ұлан сарбаздары. Астана, 8 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) пен Республикалық ұлан сарбаздары. Астана, 8 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 сәуірде президенттің күзет қызметі мен Республикалық ұланды қосып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі етіп қайта құру туралы жарлық шығарды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып бұған дейін президенттің күзет қызметін басқарған Әнуар Садықұлов тағайындалды.

Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік орган ретінде президентке тікелей бағынады және соған есеп береді.

Бұған қоса ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылды.
XS
SM
MD
LG