Accessibility links

АҚШ Сириядағы "химиялық зат белгілері" жайлы айтты


АҚШ мемлекеттік хатшысының өкілі Джен Псаки.
АҚШ мемлекеттік хатшысының өкілі Джен Псаки.
АҚШ Сирияда көтерілісшілер бақылайтын Кафр Зита қаласында "улы химиялық зат қолданылғанының белгілері" туралы ақпаратты зерттеп жатыр.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джен Псаки 21 сәуірде АҚШ үкіметі көтерілісшілердің бақылауындағы Кафр Зита қаласында 11-12 сәуірде "хлор газына ұқсас улы зат" қолданылғаны және оған Сирия үкімет күштерінің қатысы бары туралы ақпаратты анықтап жатқанын хабарлады.

Сирияның оппозицияшыл белсенділері 11-12 сәуірде қала үстіне "тікұшақтардан хлор газы жіберілген" дейді.

Франция президенті Франсуа Олланд 20 сәуірде Сирияда химиялық қару қолдануға қатысты "кейбір белгілер барын", бірақ оған нақты айғақтар жоғын айтқан.

Былтыр желтоқсанда БҰҰ сол жылы тамызда Дамаск маңында жүздеген адамның зарин газын қолданудан қаза тапқанын анықтаған еді.
XS
SM
MD
LG