Оңтүстік Кореяның жағалау қызметі суға батқан кемеде қаза тапқандардың саны 104 адамға жеткенін хабарлады. Суға батқанда кемеде қалып қойған 198 адам әлі табылған жоқ.
Бортында 476 адам болған жолаушылар кемесі 16 сәуір күні Оңтүстік Корея жағалауына таяу маңда теңізде суға батқан еді. Араларында кеме капитаны мен экипаждың алты мүшесі бар, барлығы 174 адам құтқарылған.
Кеме капитаны мен экипаждың алты мүшесі "қызметіне немқұрайды қарады және жолаушыларды құтқару амалдарын жасамады" деген айыппен қамауда отыр.
Оңтүстік Корея президенті Пак Гын Хе 21 сәуірде кеме суға батардағы капитан мен экипаждың іс-әрекетін "кісі өлтірумен тең болды" деп бағалаған.