Accessibility links

Сот Телібековке қарсы арызды қараудан бас тартты


Азаматтық белсенді Мұрат Телібеков. Алматы, 15 сәуір 2014 жыл.
Азаматтық белсенді Мұрат Телібеков. Алматы, 15 сәуір 2014 жыл.
Бүгін Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Жұмахан Умаров қаладағы №22 мектеп-гимназияның тіркелмеген "Демократиялық Қазақстан" қоғамдық ұйымының жетекшісі Мұрат Телібековтің үстінен жазған шағымын қараудан бас тартты. Судья шағым беруші жақ талап-арыздың "сотқа дейінгі реттелу тәртібін бұзды" деп, шағым бойынша азаматтық іс қозғауды тоқтатқан.

26 наурызда жазылған шағымда мектеп директоры Әлия Сандықбаева "мектепте оқушылардың ата-аналарынан заңсыз ақша жиналады" деген ақпаратты жалған деп тануды сұраған. Бұған дейін интернетте "Демократиялық Қазақстан" әкімді ауыстыруды талап етеді" деген мақала жарияланып, онда оқушылардың ата-аналарының "мектепте ақша жиналатыны" туралы шағымданғаны айтылады.

Шағымданушы бұған қоса "Демократиялық Қазақстан" қоғамдық қозғалысын бұл ақпаратты жалған деп ресим түрде жариялауға және мектеп басшылығынан кешірім сұрауға міндеттеуді сұраған.

Шағым иесі бұдан өзге соттан "Қылмыстық кодекстің 129-бабының 2,3-тармақтарында ("жала жабу") қарастырылғандай қылмыс белгісі болған жағдайда мәселені қылмыстық іс қозғау деңгейінде" шешуді де сұраған.
XS
SM
MD
LG