Accessibility links

Джемилевтің Қырымға кіруіне тыйым салынды


Қырым татарлары меджилисінің бұрынғы төрағасы Мустафа Джемилев.
Қырым татарлары меджилисінің бұрынғы төрағасы Мустафа Джемилев.
Қырым татарлары ассамблеясы - Меджилистің бұрынғы төрағасы Мустафа Джемилевтің алдағы бес жыл бойына Қырымға кіруіне тыйым салынды.

Меджилистің баспасөз хатшысының айтуынша, Джемилев бүгін таңертең Қырымның Украинамен шекарасынан өткен кезде оған 2019 жылға дейін Қырымға кіруіне тыйым салынғаны туралы ескерту қағазы берілген. Джемилев Меджилис төрағасының орынбасары Аслан Омер Қырымлымен бірге Киевке АҚШ вице-президенті Джо Байденмен кездесуге баруға шыққан.

Мустафа Джемилев Қырымның ресейшіл жаңа үкіметін түбек Ресейге қосылғалы бері Қырым татарларына қарсы әрекеттер жасап келеді деп айыптаған.

Оның айтуынша, Қырым татарларының көпшілігі Ресей төлқұжатын алудан бас тартқан соң жұмыстарынан айрылған.

Меджилис Қырымның жаңа үкіметі мен аймақтың Ресейге қосылуы туралы референдумды мойындамай қойған.

Джемилев ескертуге қарамастан Қырымға қайта оралатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG