Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігі оппозициялық «Ассанди-Таймс» газетінің жұмысын тоқтатқан сот қаулысының күшін жоюы қажет деп санайды. 22 сәуір күні таратылған мәлімдемеде ұйым соңғы айда Қазақстандағы тәуелсіз БАҚ-тың бірі "Правдивая газетаның" да жабылуын атап өтіп, Қазақстан билігін елде тәуелсіз және оппозициялық БАҚ-ты қуғындауды тоқтатуға шақырды.
«Бұл масқара жағдай Қазақстан билігінің сыншыл ақпарат құралының үнін өшіру үшін неге баруға дайын екендігін көрсетеді. Еуропа Одағы және АҚШ Қазақстан билігінің тәуелсіз және оппозициялық БАҚ-ты құрсаулауына қол қусырып қарап отыра алмайтынын білдіруі керек» деген HRW Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша директоры Хью Уильямсон.
21 сәуір күні Алматының Медеу аудандық соты "Ассанди-Таймс" газетін елде тыйым салынған "Республика" оппозициялық басылымының құрамдас бөлігі ретінде танып, газеттің жұмысын тоқтатқан еді.
2012 жылдың соңы мен 2013 жылдың басында «K-плюс» телеарнасы мен «Республика» газеті бастаған 28 БАҚ сот шешімімен «экстремистік біртұтас БАҚ» ретінде танылып, түгел жабылған еді. Өткен жылдың соңында Қазақстан жоғарғы соты қызметіне тыйым салынған БАҚ өкілдерінің шағымын қанағаттандырмай тастаған.
«Ассанди-Таймс» газетінің тиражы - 7 500 дана. Редакцияның онға жуық қызметкері болған.