Accessibility links

Байден: АҚШ Украина экономикасын оңалтуға жәрдем етеді


АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина парламентінде сөйлеп тұр. Киев, 22 сәуір 2014 жыл.
АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина парламентінде сөйлеп тұр. Киев, 22 сәуір 2014 жыл.
АҚШ вице-президенті Джо Байден бүгін Киевте сөйлеп АҚШ-тың Украинаның экономикасын қалпына келтіруіне көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Украинаға жасаған екі күндік сапарын қорытындылаған Байден бұл елде коррупцияның алдын-алып, басқа да күрделі мәселелерді шешу үшін көп жұмыс атқарылуы қажет екенін айтты. Оның сөзінше, Вашингтон Украина басшыларының елді топтастыруын, елдің энергетикалық тәуелсіздікке ұмтылуын қолдайды.

Парламент алдында сөйлеген Байден Украинада 25 мамырда өтетін сайлауды бұл мемлекеттің тарихындағы "ең маңызды оқиға" болады деп атады.

Джо Байден Украина президентінің міндетін атқарушы, парламент спикері Александр Турчиновпен және басқа да жетекшілермен кездесті.
XS
SM
MD
LG