Accessibility links

Каспий бойы елдерінің өкілдері кездесті


Каспий жағалауы елдерінің сыртқы істер министрлері баспасөз жиынында. Мәскеу, 22 сәуір 2014 жыл.
Каспий жағалауы елдерінің сыртқы істер министрлері баспасөз жиынында. Мәскеу, 22 сәуір 2014 жыл.
Мәскеуде 22 сәуірде Каспий теңізі жағалауындағы бес ел - Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түркіменстанның сыртқы істер министрлері кездесті.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесуде министрлер қыркүйек айында Астрахань қаласында өтетін бес ел басшыларының саммитіне Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны даярлау жұмыстарын жалғастыру жайын талқылаған. Министрлер бұған қоса Астраханьдағы саммитте қаралатын кейбір мәселелерді де талқылап, саммиттің күн тәртібіне өз ұсыныстарын білдірген.

Бірақ Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, конвенция саммитке дейін дайын болмайды. Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түркіменстанның Каспийдің табиғи байлықтарын бөлісу туралы бір мәмілеге келе алмай алмай жүргеніне көп болды. Егер Каспий ресми түрде теңіз деп танылса, онда бес ел оны бөліп алып, өз территориясындағы мұнай мен газға иелік етеді. Ал егер Каспий көл деп жарияланса, онда теңіздегі барлық мұнай мен газ бес ел арасында теңдей бөлінуі тиіс.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мәскеуде Иран және Түркіменстан сыртқы істер министрлері Мохаммад Жавад Зариф және Рашид Мередовпен кездескен.
XS
SM
MD
LG