"Қазақстанда атом электр станциясын салуға ең ыңғайлы орын Балқаш көліне жақын Үлкен ауылының маңы болып отыр" деп мәлімдеді бүгін индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің атом энергиясы комитетінің төрағасы Мәжит Шәріпов.
"Қазақстан-МАГАТЭ: Атом энергетикасы инфрақұрылымының дамуы" атты семинарда сөйлеген Шәріпов бұған дейін АЭС-ті Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы мен Ақтау қаласы маңдарында салу мүмкіндіктері қарастырылғанын да айтты. "Балқаш көлі жанындағы Үлкен ауылы электр қуаты тапшы аймақта орналасқандықтан және мұнда станцияның электр қуатын тарататын дамыған желілері болғандықтан АЭС салуға ең қолайлы жер деп саналады" деген ол.
Шәріповтің айтуынша, АЭС салатын орынды таңдағанда тек аймақтың энергетикалық балансы ғана емес, оған қоса электр қуатын тасымалдау мүмкіндіктері және басқа да факторлар назарға алынған.