Accessibility links

Кабулда шабуылдан үш америкалық қаза тапты


Шабуыл жасалған аурухана алдында тұрған полицейлер. Кабул, 24 сәуір 2014 жыл.
Шабуыл жасалған аурухана алдында тұрған полицейлер. Кабул, 24 сәуір 2014 жыл.
24 сәуірде Ауғанстан астанасы Кабулда халықаралық ауруханада полиция офицері оқ атып, америкалық үш азамат қаза тапты.

Кабулдағы АҚШ елшілігінің хабарлауынша, шабуыл бүгін қаланың батысында америкалық қайырымдылық қор ашқан CURE халықаралық ауруханада болған.

Ауған билігінің дерегінше, қаза тапқандар арасында бір дәрігер бар.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Седдик Седиккидің сөзінше, шабуыл жасаған адам америкалықтарға олар ауруханаға кіріп бара жатқанда оқ атқан. Үш адам өліп, бір адам жараланған. Қарсы оқ атқан полицей шабуылдаушыны жаралап, қамауға алған.

Биыл Кабулда бейбіт тұрғындарды нысанаға алған шабуылдар жиіледі. Бұған дейін шетелдіктер көп түсетін бір қонақ үйге және шетелдік әскерилер тұратын мекенге шабуыл жасалған.
XS
SM
MD
LG